Қазақстандықтар Арменияға арзан көлік сатып алуға жиі барады

0
1 870

Бұл елде шетелдік автокөліктерге кеден салығы – 10 пайыз. Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосылғанға дейін осы салықтың мөлшерін 2020 жылға дейін осындай төмен мөлшерде сақтау келісілген болатын.


Қазақстандықтар Арменияға арзан көлік сатып алуға жиі барады

ERNUR.KZ. Арзан автокөлік іздеген қазақстандықтар темір тұлпарды сатып алу үшін Арменияға жиі баратын болды, деп жазады «Хабар 24».

Бұл елде шетелдік автокөліктерге кеден салығы – 10 пайыз. Армения Еуразиялық экономикалық одаққа қосылғанға дейін осы салықтың мөлшерін 2020 жылға дейін осындай төмен мөлшерде сақтау келісілген болатын.

Ержан Пашеев өзіне автокөлік сатып алу үшін Шымкенттен Ереванға дейін үш жарым мың шақырым қашықтықты артта қалдырған. Арменияға құрлықпен тек Грузия арқылы жетуге болады. Ең қиын бөлігі – Кренс шатқалы. Қар көшкіні жиі болатындықтан, бұл асу қыста жиі жабылады. Ержан Ереванға үш күнде жеткен, тағы екі тәулік көлік іздеуіне кеткен.

Қарағандылық Ербол мен Марат та өздеріне темір тұлпар сатып алып, армян нөмірлерімен елге бет алды. Достары да осылай жасағанын айтады.

Гамлет Авдалян жерлестерімізге жүзден аса көлік сатыпты. Қазақстан азаматтары соңғы екі жылда жиі келетін болған, әсіресе, жылы маусымда. Армяндар қазақтардың талғамдарын да жақсы біледі екен.

Гамлет Авдалян, саудагер: – Қазақстандықтар 2004 жылдан ескі көліктерге қарамайды, және 7-8 орны бар көлікті таңдайды. Тауарын өткізу үшін саудагерлер рәсімдеу процестерін барынша жеңілдетуге уәде береді. Геворг Григорян, саудагер:

– Сатып алушыларға оңай болу үшін бәрін істейміз. Көлігін Арменияда тіркеуге көмектесіп жүрміз, уақытша қоныста тіркеп, Арменияда тұрып жатыр деген анықтама береміз. Осыдан кейін көлік құралын тіркеу куәлігін алады. Сонда өз елінде кеден салығын төлемейді, онда ол қымбат.

Дегенмен мұның да астарлы тұстары бар. Біріншіден, жеке деректеріңіз өзге елдегі бөтен адамдардың қолына түседі. Ал көлікке келетін болсақ, қазақстандықтар жылына бір рет онымен елден шығуы тиіс және мүлік салығын Арменияда төлеуі керек