Қазақстандықтар Біртановтың желіде тараған суретін қызу талқылауда

0
433

Экс-министрдің үйқамақтағы мерзімі сәуір айының соңында аяқталуы тиіс еді.


Қазақстандықтар Біртановтың желіде тараған суретін қызу талқылауда

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың желіде тараған суреті қазақстандықтарды алаңдатып қойды, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде үйқамақта отырған бұрынғы министрдің суреті тарады. Онда Біртановтың әбіржіп кеткенін байқауға болады.

"Әбіржіп кетіпті, ауырып жүрген сияқты", "Мәссаған, қатты өзгеріп кетіпті", "Сақал-мұртын алса қайтеді", "Өзіне де сол керек. Халықтың ақшасын тонағанның соңы осындай болады", - деп жазды желідегілер.

Экс-министрдің үйқамақтағы мерзімі сәуір айының соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ прокурорлар оны тағы біраз уақыт бостандыққа шығармауға ниетті.

Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі мамыр айының соңына дейін созылуы мүмкін. Прокуратура өкілдері сотқа осындай өтініш жасады. Прокуратура өкілдері сотқа осындай өтініш жасады. Бұған дейін де мерзім бірнеше рет ұзартылған еді.

Қадағалау органында Біртанов бостандықта тергеуге қысым көрсетуі мүмкін деп есептейді.

Алайда миллиондаған қаржыны жымқырды деген күдіктінің адвокаттары басқаша пікірде. Олар тергеуде заң бұзушылықтар болып жатқанына сенімде. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін цифрлық медициналық платформаларды дамытумен айналысқан шетелдік компаниялардың өкілдерінен жауап алынған жоқ. Ал бұл - айыптаулардың негізгі бағыттарының бірі.

Айта кетейік, сот отырысыда экс-шенеуніктің өзі сөз сөйледі. Ол көп уақыттан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты.

Еске салсақ, Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді. Ведомствоның экс-басшысына бірқатар дәрігерлер мен қоғам белсенділері араша түскендіктен ол үйқамаққа ауыстырылған.