Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға өткізгені үшін өтемақы ала алады

0
344

Бүгінде көптеген жеке кәсіпорын автокөлікті утилизацилаумен айналысады.


Қазақстандықтар ескі көлігін кәдеге жаратуға өткізгені үшін өтемақы ала алады

ERNUR.KZ. Қазақстанда бұрын болған утилизация схемасы қайта жаңартылады. Онда ескі көлік иелері техниканы өткізіп, өтемақы немесе жаңа көлік сатып алу үшін жеңілдік сертификатын ала алатын, деп жазады tengrinews.kz.

Бүгінде көптеген жеке кәсіпорын автокөлікті утилизацилаумен айналысады. Осыған байланысты нормативтік құқықтық акт әзірленіп жатыр, ол бұл мәселені реттеп, процесті жөнге келтіреді, статистикалық есепке алуды және қаржыны бөлуді қамтамасыз етеді, - деді экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев.

"Біз автокөлікті кәдеге жарату процестерін түсіну және жақсарту үшін қаржы алдық. Утильалымдардан жиналған барлық қаражат экологиялық кодекстер шеңберінде осы қаражатты бөлумен айналысатын "Жасыл Даму" компаниясына құйылады. Қаражат экологиялық автокөлікті субсидиялауды және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаруды қоса алғанда, 14 экологиялық бағытқа жұмсалады.
Қазір бізде автокөлікті кәдеге жаратумен айналысатын жеке кәсіпорындардың нақты саны жоқ. Сондықтан осы саланы реттеу үшін нормативтік құқықтық актіні әзірлеп жатырмыз. Бұл акт бәсекелестікті шектемей, қаржы процесін және бөлуді реттеуге көмектеседі", - деп түсіндірді вице-министр.

Әлиевтің айтуынша, утильалым тек автокөлікке ғана емес, сонымен қатар тауарлар мен материалдардың әртүріне де қолданылады. Автокөліктерді кәдеге жарату оларды әртүрлі компоненттерге бөлуді қамтитынын түсіну маңызды, содан кейін олар тиісті зауыттарға қайта өңдеуге жіберіледі.

"Бүгінде кәдеге жаратушылармен шарттар әлі жасалмаған, өйткені рәсім келісілген, бірақ ресімдеу сатысында. Қазіргі уақытта жинау коэффициентін арттыру жоспарланбаған.
Біз бұрын болған схемаға ораламыз, онда көлік иесі көлігін тапсырып, өтемақы алады немесе жаңа көлікке жеңілдік сертификатын алады. Бұл процесс сот талқылауына байланысты тоқтатылған болатын, бірақ қазір оны қайта бастаймыз", - деп қорытындылады Жомарт Әлиев.