Қазақстандықтар ипотекалық несиені белсенді ала бастады

0
235

Несие сомасы 42,5%-ға ұлғайды.


Қазақстандықтар ипотекалық несиені белсенді ала бастады

Фото: Крыша

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша отандық банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. Оның ішінде 11 банк шетелдік қатысумен, 8-і – еншілес банктер. Банк секторының активтері қыркүйекте 0,5%-ға немесе 268 млрд теңгеге ұлғайып, 58,1 трлн теңге болды.

Халыққа берілген несиелер осы жылғы қыркүйекте 1,5%-ға ұлғайып, 19,5 трлн теңгені құрады. Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,6%-ға 12,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

"2024 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,8 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға өсті. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға артық. Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредиттеудің оң серпіні жалғасуда. Жыл басынан бері нарықтық шарттарда 498,2 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,5%-ға артық. Бұл ретте жеңілдікті ипотекалық кредиттер 875,8 млрд теңгеге берілді", - делінген хабарламада.