Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен қытайлық дүкендерде, кафеде, таксиде және Қытайдағы басқа да 80 миллионнан астам орында сатып алу ақысын QR-код арқылы төлеуге болады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар енді Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы Қытайда төлем жасай алады, деп жазады inform.kz.
Kaspi банктың хабарлауынша, Қытайға келгенде қазақстандықтарға енді өзімен бірге қолма-қол ақша немесе карта ала келудің қажеті жоқ.
Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен қытайлық дүкендерде, кафеде, таксиде және Қытайдағы басқа да 80 миллионнан астам орында сатып алу ақысын QR-код арқылы төлеуге болады.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзенің айтуынша, банк қосымшасы AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әр қазақстандық үшін жаңа сервисті іске қосқан.
Енді қазақстандықтар Kaspi.kz мобильді қосымшасымен Қытайдағы сауда орындарындағы кез келген тауар ақысын төлей алады.
Қытайдағы Ant International бас директоры Венеция Лидың айтуынша, бұл серіктестік қазақстандықтар үшін Қытайдағы саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады.
Айта кетейік, AliPay — Қытайда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға арналған мобильді қосымша.