Қазақстандықтар мамыр айында да 42 500 теңге ала ма: Президент жауап берді

0
4 042

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде айтты.


Қазақстандықтар мамыр айында да 42 500 теңге ала ма: Президент жауап берді

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, мұқтаж отбасылар азық-түлік алады.
"Оқшаулану кезінде ата-аналарға кішкентай балаларымен төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Мемлекеттік комиссия әкімдіктермен бірлесіп, аулаларды және ойын алаңдарын ашу мәселесін ойластыруы тиіс. Әрине, алдымен, барлық санитарлық норма мен санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы керек", - деп ескертті Тоқаев.