Наурыз мейрамын тойлау кезінде Қазақстан халқы бес күн қатарынан – 20-24 наурыз аралығында демалады.
Фото: anatili.kazgazeta.kz
Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 12 күн демалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірінші мереке - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз), дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады - сенбіден, 20 наурыздан сәрсенбіге, 24 наурызға дейін. Ресми демалыс күнінің бірі жексенбіге түсіп тұрғандықтан демалыс сәрсенбіге ауысады.
Осылайша қазақстандықтар наурызда 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.
Жалпы 2021 жылы аптасына бес күн жұмыс істейтіндерде 120 демалыс күні мен 245 жұмыс күні болады.