Бұған дейін Қазақстаннан жаңа әуе рейстері ашылатыны белгілі болған.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты әуе рейстері қайта жаңғыртылып жатқанын айтты, деп жазады Zakon.kz.
2023 жылдың 28 маусымынан бастап Azimuth Airlines Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіреді.
"Тасымалдау аптасына 1 рейс жиілігімен бейсенбі күндері Sukhoi Superjet-95 типті ұшақтармен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Бұған дейін Қазақстаннан жаңа әуе рейстері ашылатыны белгілі болған.