Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі

0
864

Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді


Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтары үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі. Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсанан бастап күшіне енеді, деп жазады sputnik.kz.

Ресейге жалға берілген ғарыш айлағы ерекше күзетіледі. Айналасы қоршалған. Ал қалаға арнайы бекеттер арқылы кіргізеді. Бейнебақылау жүйесі де бар. Байқоңырда тұратындар қалаға туыстарын, я болмаса, достарын кіргіземіз десе, барлық құжатты алдын ала жіберуі керек. Оны комиссия тексереді. Бір аптадан кейін ғана рұқсат қағазын алады. 1 желтоқсаннан бастап осы тәртіп өзгереді. Алдын ала құжат жіберудің қажеті жоқ.
Президенттің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың айтуынша, ғарыш айлағына басқа біреуді кіргізу үшін он күн бұрын режимдік комиссияға құжат жіберу талабы болған. Ондай талапты алып тастауға ұсыныс жасалды. Бірақ жаңа жүйені алдымен пилоттық режимде іске асырып көреді.
"1 желтоқсаннан бастап кіреберісте бір маман отырады. Ол келген Қазақстан азаматтарына бірден рұқсат қағазын жазып береді. Осындай шешімге келдік", - дейді Нұртай.