Қазақстандықтар үшін шет елге шығуға тыйым салынғанын тексере алатын қосымша іске қосылды

0
453

Қосымшаны тегін пайдалануға болады.


Қазақстандықтар үшін шет елге шығуға тыйым салынғанын тексере алатын қосымша іске қосылды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасын тегін пайдалануға шақырады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.

Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.

«Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН нөміріңіздің тіркелуі қажет», - деп түсіндірді МКК-де.