Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатын болады

0
664

Мұндай құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды.


Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты терминал арқылы алатын болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды терминалдар арқылы беретін пилоттық жоба іске қосылмақ, деп stan.kz.

Мұндай құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды.

Ішкі істер министрі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды және жеке куәліктерді терминал арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып беру" мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бірлескен бұйрығының жобасы 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобада құжаттама терминалдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде орналасады және биометриялық авторизациядан кейін беріледі.

Бұл республикалық маңызы бар қалалар мен астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында альтернативті құжат алу жолы ретінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

Қауіпсіздік мақсатында терминалға басқа құрылғыларды қосу қарастырылмаған.