Қазақстандықтарға жер телімдері 49 жылға жалға беріледі

0
695

Мал жайылымына да жер телімдері бөлінбек.


Қазақстандықтарға жер телімдері 49 жылға жалға беріледі

Қазақстандықтар ауыл шаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға ала алады, деп жазады 24.kz.

Осы және басқа да өзгерістер жер туралы заң жобасында қарастырылған. Құжатқа сәйкес 49 жыл өткеннен кейін жалға беру мерзімін тағы ұзартуға рұқсат беріледі. Мал жайылымына да жер телімдері бөлінбек. Ол үшін әр шаруаның иелігіндегі мал саны есептеледі. Соған сәйкес учаскенің шекаралары бекітіледі.

Барлық ақпарат ашық интернет порталда жарияланады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы мемлекеттің жер аумақтарын қадағалау міндетін нығайтуға сеп болатынын атап өтті. Естеріңізге салайық, бұған дейін 2026 жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға мараторий қойылған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м. а.:

- Шетелдіктер бойынша мораторий нормаларына келетін болсақ, Мемлекет басшысы түпкілікті саяси шешім қабылдады. Ол бойынша 2021 жылы 10 мамырда ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, шетелдік заңды тұлғаларға беруге, сатуға тыйым салынды. ҚР заңы қабылданды. Қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатында 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру. Жалға беру мерзімі аяқталған кезде оны ұзарту құқығын беру. Мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы жерлерін жалдау құқығын иеліктен шығару. Бұл ретте оларды пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл.