​Қазақстанға Мажарстаннан әртүрлі саланың 100-ге жуық өкілі келді

0
1 130

Венгрия премьер-министрінің айтуынша бүгінгі Қазақстан-Венгрия бизнес форумына 100-ге жуық бизнес өкілі келген.


​Қазақстанға Мажарстаннан әртүрлі саланың 100-ге жуық өкілі келді

ERNUR.KZ. Бүгінгі әлемдік өзгеріс Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасқа тиімді мүмкіндіктер туғызып отыр. Мажарстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі Михай Варга екіжақты қарым-қатынастың жақсы көрсеткішке жеткенін атап өтті, деп жазады BAQ.KZ.

«Бүгін экономикалық байланысымызды нығайта түсуді басшылық алып отырмыз. Қазақ пен мажар халқын бұрыннан тарихи және мәдени ұсастық пен өзара сенімділік біріктіріп келеді. Біз стратегиялық серіктес атанғанымызға бек қуаныштымын. Ынтымақтастықтың нәтижерінде көріп келеміз. Дипломатиялық қарым-қатынас өте сәтті жүзеге асырылып жатыр. Екіжақты тауар айналымы да жақсы көрсеткіштерге жетті. Экономика, білім беру мен мәдениет саласында ауыз толтырып айтатында нәтиже бар», - деді Михай Варга.

Венгрия премьер-министрінің айтуынша бүгінгі Қазақстан-Венгрия бизнес форумына 100-ге жуық бизнес өкілі келген.

«Соңғы 20 жылда әлем айтарлықтай өзгерді. Осы тұрғыдан алғанда даму нүктесі Орталық Азияға бет алды. Ол барша әлемнің даму орталығына айналды. Бұл үрдіс алдағы 10 жылдықтарға созылады. Мажарстан бұл үрдістен екі елге де тиімді болатын мүмкіндіктерді байқайды. Қазақ іскерлік ортасы тарабынан бірлескен ынтымақтастыққа көп қызығушылық бөлінетінін көрсетіп отыр. Қазақстанға Мажарстаннан әртүрлі саланың 100-ге жуық өкілі келді. Бұл көрсеткіш те қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, машина жасау, құрылыс және энергетика, көлік саласының мамандары жетерлік. Байланыстың тек нақты шаралар аясында емес, тұрақты үрдіске айналғанын қалаймыз. Сол себепті венгриялық тараптан көп қолдау көрсетуге тырысамыз. 2017 жылы өткен EXPO көрмесі де сәтті іскерлік қарым-қатынастың жарқын көрінісі болды деп ойлаймын. Осылайша, біз екі елдің және кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеміз деп ойлаймын. Қазақстан – Мажарстанның негізгі стратегиялық әріптесі», - деді Мажарстанның қаржы министрі.

Нұр-Сұлтанда Мажарстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы минстрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтіп жатыр. Бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатқанын ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтқан болатын.