Қазақстанға тиесілі инсулин препараты Өзбекстанда сатылып жатыр

0
1 197

Денсаулық сақтау министрлігі мұны былтырдан бері біледі екен.


Қазақстанға тиесілі инсулин препараты Өзбекстанда сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанға тиесілі инсулин препараты Өзбекстанда заңсыз саудаланған, деп хабарлайды astanatv.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мұны былтырдан бері біледі екен. Бірақ, мекеме жолдаған хатқа көрші ел жауап беруге асығар емес. Бұл туралы Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді.

Былтыр Қазақстанда 150-ге жуық науқас қант аруына қарсы препарат жетіспейтінін айтып, шағымданған. Ал, биыл мемлекеттік бюджеттен инсулин сатып алуға 11 млрд теңге бөлінді.

"Тексеріс басталды. Хат жолданып, онымен қоса министр облыстық денсаулық сақтау басқармаларына тапсырма бердік. Инсулин дәрісінің айналымы бойынша салыстыру жүргізіп, бізге ақпарат беру керек. Қазір бұл іске қатысты Бас прокуратура да тексеріс жүргізіп жатыр. Препараттың заңсыз саудаланғаны анықталса, жауаптылар жазаға тартылады" - дейді Нұрлыбек Асылбеков.

Андрей Лукин, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір жағдайды талдап жатырмыз. Егер, ақпарат расталса, тиісті шаралар қолданамыз. Дәрі-дәрмекті сатуға қатысты бірнеше заңбұзушылықтар кездесуі мүмкін. Бұл іспен өкілетті орган айналысады. Және талапты ескермегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.