Қазақстанға заңсыз кірмек болған 4 шетелдік сотталды

0
909

Сотталушылар – Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары.


Қазақстанға заңсыз кірмек болған 4 шетелдік сотталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту бабы бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz.

Сотталушылар – Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары А, А, М. мен М. 2022 жылдың қазан айында "Жасөркен" шекара бөлімшесі учаскесінің сол қапталында, өткізу пунктінен тыс жерде Қырғызстан аумағынан мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткен.

Прокурор А, А, М. және М-ға - 6 айға бас бостандығын айыру және 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағынан тысқары шығарып жіберу жазасын тағайындауды сұрады.

Кінә іс аясында жиналған дәлелдемелермен, сотталушылардың айғақтарымен дәлелденді. Сотталушылар айыбын толық мойындады.

Сот жаза тағайындау кезінде олардың шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жазаны жеңілдетін мән-жай ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жай жоқ.

Сот А, А, М. және М.-ға Қазақстан аумағынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.