Қазақстандықтар Ресейге бір айда 13 млрд теңге аударған

0
2 531

Ал Түркияға 12 миллиард теңге жіберілген.


Қазақстандықтар Ресейге бір айда 13 млрд теңге аударған

иллюстрациялық фото

Бір айдың ішінде, қазақстандықтар Ресейге 13 миллиард, ал Түркияға 12 миллиард теңге аударған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар айында 54 миллиард теңге шекара асып кеткен. Бұл статистикаға тек қарапайым тұрғындардың қаржысы ғана емес, сауда айналымы да кіріп отыр. Бұл тізімде Ресей Федерациясы көш бастап тұр. Мұнан соң Түркия жалғайды. Үштікті Қырғызстан түйіндеген.

Айта кету керек, Ресейдің үлесі жыл сайын кеміп отыр. 2017 жылы шетелдік аударымдардың 47 пайызы ресейліктерге тиесілі болса, биыл олардың үлесі екі есе қысқарған. Ал Түркияға қатысты керісінше өсім байқалуда.

«Түркия кететінқаражат көлемінің өсуіне үш себеп бар: біріншісі — демографиялық жағдай. Қазақ азаматтарының көбі қазір Түркияға көше бастаған. Екіншісі — тауар айналымы. Түркия біраз нәрсені Қазақстанға экспорттайды. Ал үшінші себеп бұл — кадр мәселесі. Медицина және құрылыс саласындағы білікті мамандар Түркиядан келіп жатыр. Олар осында ақша тауып, оны өз елдеріне аударатындары айтпаса да түсінікті», - дейді экономист Азамат Баймағанбетов.

Тәжірибелі экономистің пікірінше, Қазақстан қайта өңдеу саласында әлі де басқа елдерге тәуелді. Қаражатты елдің ішінде сақтап қалу үшін дайын өнім өндірісін ілгерілету керек.