Негізі, бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 миллиард теңге бөлінген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Елдегі 10 мыңға жуық мектепте террористік қауіптілік әлі де жоғары, деп жазады inbusiness.kz.
100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанына қарамастан, білім ошақтарының 55% бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді. Мұны Министр Аймағамбетовтің өзі мойындады.
Негізі, бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 1,4 миллиард теңге бөлініпті. Ал мектептердегі дабыл түймелерінің саны небәрі – 648 ғана. Оған 828 млн теңге жұмсалған.
Бұдан бөлек, бүгінде оқу ордаларын турникеттер мен ата-аналардың телефонымен біріктірілген арнайы кіру карталарымен қамту жоспарланып отыр.