Қазақстанның батысында жер сілкінісі тіркелді

0
226

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан.


Қазақстанның батысында жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Қазақстанның батысында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы мәліметінше, желі станциялары 24 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 14:20-да Атырау облысында жер сілкінісін тіркеген.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер асты дүмпулерінің эпицентрі Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан.


Қалай сезілгені туралы ақпарат жоқ.