Қазақстанның бір облысында тұрғындарға орманға баруға тыйым салынады

0
704

​Құмар Ақсақалов ауа температурасының жоғарылауына байланысты адамдардың орман аумағында болуын шектеуді тапсырды.


Қазақстанның бір облысында тұрғындарға орманға баруға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңде адамдарға орманға баруға тыйым салынады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Облыстық әкімдіктің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов ауа температурасының жоғарылауына байланысты өрт қауіпті маусымда жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуын шектеу туралы қаулы қабылдау қажеттігін айтты.

"Біз Шығыс Қазақстан облысында не болғанын білеміз. Адамдар зардап шекті, өрт ірі материалдық шығын келтірді. Біздің өңірде орман алқаптары өте көп. Демалыс күндері, күн ысыған кезде халықтың ормандарға баруын шектеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Қаулы қабылдау қажет", - деп атап өтті Ақсақалов.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы әділет департаментінде тіркелді.

15-17 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасының 27-33 градусқа дейін жоғарылауына және жоғары өрт қаупіне байланысты дабылды ескерту жариялады.

"Орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз. Қауіп төнген кезде немесе төтенше жағдай болғанда тәулік бойы қызмет ететін 112 телефонына хабарласу қажеттігін еске саламыз", - деп атап өтті төтенше жағдайлар департаменті.