Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

0
811

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдайдың күші жойылды

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

Павлодар облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

«Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы

«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.