​Қазақстанның бірнеше өңірінде күн ыстық болады

0
2 353

Синоптиктердің мәліметінше, 4, 5 шілдеде кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр, күшті екпінді желмен және ыстықтың әлсіреуі күтіледі.


​Қазақстанның бірнеше өңірінде күн ыстық болады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 3-5 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 4, 5 шілдеде кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр, күшті екпінді желмен және ыстықтың әлсіреуі күтіледі.

"Антициклонның шығысқа жылжуына қарай республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура плюс 30…35 градусқа дейін, оңтүстікте және орталықта 37…41 градусқа дейін, әдеттегіден 4…7 градусқа жоғары жоғарылайды. Жоғарғы барийлік шұңқырдың және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әліде найзағаймен жаңбыр сақталады, таулы және тау бөктері аудандарында күшті жаңбыр болуы мүмкін", - деп хабарлады синоптиктер.