Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4%-ға өсіп, $5,2 млрд құрады.
ERNUR.KZ. Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $6,0 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,9%-ға жоғары ($3,5 млрд), деп жазады Azattyq Rýhy.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4%-ға өсіп, $5,2 млрд құрады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 14%-ға өсіп, $767,5 млн құрады.
«ЕО елдеріне экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің артуына негізделген: шикі мұнай - 81,2%-ға ($4,6 млрд), ферроқорытпалар - 2,5 есе немесе ($96,3 млн дейін), өңделмеген алюминий - 2,5 есе ($58,0 млн дейін), бидай - 13,2 есе ($ 31,7 млн дейін), мұнай өнімдері - 40,4% ($94,6 млн дейін), табиғи газ - өсім 4,3 есе ($35,5 млн дейін).
ЕО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар; вакциналар, қан сарысулары, қан; турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер; есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура; телефон аппараттары; өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар болып табылады», - делінген министрлік хабарламасында.