Қазақстанның этникалық құрамы туралы деректер жарияланды

0
682

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады.


Қазақстанның этникалық құрамы туралы деректер жарияланды

ERNUR.KZ. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА " интернет-порталына шығарылды, деп жазады Stan.kz.

Одан бөлек, құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы дерек те бар. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті. Оның ішінде:

қазақтар – 69,03%;

орыстар – 18,47%;

өзбектер – 3,29%;

ұйғырлар – 1,5%;

украиндар – 1,3%;

татарлар – 1,06 %;

немістер – 0,92%;

түріктер – 0,61%;

кәрістер – 0,57%;

әзербайжандар – 0,61%;

дүнгендер – 0,40%;

белорустар – 0,28 %;

тәжіктер – 0,27%;

күрдтер – 0,25 %;

шешендер – 0,18%;

поляктар – 0,15%;

башқұрттар – 0,09 %;

басқа этнос өкілдері – 1,04%-ті құрады.

Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ке өсті.

Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныс-жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшелігін күшейтуге байланысты этноәлеуметтік процестер серпінінің күрделенуі байқалады.