​Қазақстанның көп балалы аналары еңбек министрінің отставкасын талап етеді

0
3 025

Қазақстанның көп балалы аналары интернет арқылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдады


​Қазақстанның көп балалы аналары еңбек министрінің отставкасын талап етеді

фото: сюжеттің скриншоты

ERNUR.KZ. Қазақстанның көп балалы аналары интернет арқылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына үндеу жолдап, елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованы отставкаға жіберуді талап етті. Таяуда министр төрт балаға берілетін 30 доллар жәрдемақы жеткілікті екенін айтқан.

"Биыл инфляция орта есеппен 5 пайыз болды. "Күміс алқа", "Алтын алқасы" (көп балаларға арналған мемлекеттік атақ) бар аналарға жәрдемақы ай сайын өмір бойы беріледі. Өзге елдерде мұндай тәжірибе мүлдем жоқ. Ресейде аналық капитал деген бар. Егер біз осы жылдардың бәрін есептесек, бірнеше миллион теңге болады", – деген министр.

Көп балалы ананың бірі Ирина Исабекова президент Назарбаевқа видеоүндеу жолдады.

"Ол бірінші мәлімдемесінде шатасқан шығар деп ойладық. Бірақ екінші рет сөйлеген кезде, анық, ашық айтты. Ол біздің проблемамыздан тым алыс екенін байқатты. Олар өздері осындай ақшаға өмір сүре алады ма екен?" – дейді көпбалалы ана.

Иринаны Қазақстандағы өзге көпбалалы аналар қолдады. Олар әлеуметтік желі арқылы флешмоб ұйымдастырды. Олар осы ақшаға не келетінін көрсетіп, видеолар сериясын жарияламақ.

Қазақстанда төрт және одан көп баласы барлар көпбалалы отбасыға жатады. Алты және одан да көп бала тапқан аналар "Алтын алқа" медалімен марапатталады. Олар үкіметтен арнайы жәрдемақы алады.


Дереккөз:centralasian.org/a