Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

0
594

Ол Доминикан, Ямайка, Панама, Коста-Рика елдерінде де елшілік қызметін қоса атқарған.


Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов ҚР Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ҚР Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Адриан Елемесов Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде Түркменстанда дүниеге келді.

Меңгерген тілі:

Қазақ, орыс, итальян, испан, ағылшын тілдері

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Қазақ химия-технологиялық институты (1985)

Құрылысшы инженер

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының құрылымдық бөлімшелері басшыларының курстарынан өткен:

2-дәрежелі кеңесші (2004);

1-дәрежелі кеңесші (2007).

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1985 жылы жұмыскер, бригадир, шебер, прораб, "Шымкентқұрылыс" трестінің комсомолдық ұйымының хатшысы қызметінен бастады.

1991-1992 жылдар аралығында шағын кәсіпкерліктің директоры, "АКЕ С" компаниясының президенті;

1992-1995 жылдары аралығында - "Қазақиталқаракөл" бірлескен кәсіпор-нының Италиядағы өкілі;

1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы;

1996-2001 жылдар аралығында - ҚР-дың Италиядағы Елшілігінің консулы-үшінші,екінші хатшысы;

2001-2003 жылдар аралығында - ҚР Сыр-тқы істер министрлігінің кеңесшісі, мемлекеттік протокол қызметінің сапарлары бөлімінің бастығы, Орталық және Шығыс Еуропа бқлімдерінің бастығы;

2004 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі;

2012 жылдың 8 маусымынан ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2012 жылдың қарашасынан бастап бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері;

2015 жылдың тамыз айынан Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2018 жылдың күзінен бастап Панама республикасы, Коста-Рика Республикасы, Доминикан Республикасы, Ямайкадағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі.