Оның эпицентрі Сарыағаш пен Ташкент маңында болды.
ERNUR.KZ. Ташкенттен 20 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Өзбекстан Республикасы ТЖМ Сейсмопрогностикалық мониторинг республикалық орталығының мәліметі бойынша, 5 сәуірде Ташкент уақыты бойынша 04:36-да (Астана уақыты бойынша 04:36-да) Қазақстанда жер сілкінісі болды.
Магнитудасы М=3,2. Тереңдігі 10 шақырым. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-батыс бағытта 20 шақырым.
Жер асты дүмпулері Өзбекстан астанасы мен Ташкент облысының кейбір аудандарында сезілді.
Зангиатин ауданы: 2 балл, 12 шақырым;
Учтепин ауданы: 2 балл, 15 километр;
Алмазар ауданы: 2 балл, 17 шақырым.