Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасы 5 шақырымға ұзарды

0
1 073

Екі елдің шекарасының ұзындығы 5 шақырымға ұзарып, 2356 шақырым 666 метрге жеткен.


Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасы 5 шақырымға ұзарды

ERNUR.KZ. Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзындығы 5 шақырымға ұзарғанын айтты, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, екі елдің шекарасының ұзындығы 5 шақырымға ұзарып, 2356 шақырым 666 метрге жеткен.

Соңғы 19 жыл ішінде демаркация жүргізу кезінде еліміздің шекара маңында тұратын аудан халқының, мемлекеттік және жергілікті органның қызығушылығын есепке ала отырып, оның үстіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі шегіндегі қолайлылықты қамтамасыз ету үшін жасалған. Іс жүзінде шекара иілімдердің көбеюінен 5 шақырымға ұзарды. Бұл азаматтарымызды барынша жайлылықты қамту үшін жасалды, - деді Сыртқы істер ведомствосы басшысының орынбасары Сенаттың кулуарында.

Сонымен қатар ол шегендеу кезінде өзен арналарының өзгергеніне тоқталды.

Бізді Өзбекстанмен екі өзен – Сырдария және Келес өзендері біріктірік тұр. Өзен арналары, үйінді аралшық өзгеріске ұшырайды. Шекара дәстүрлі түрде өзен форматы бойынша өтеді. Шекара ұзындығы былтыр 22 желтоқсанда қол қойылған шекараны демаркациялау туралы соңғы келісімшартқа байланысты өзгертілді, - деді Роман Василенко.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдағаны туралы жазған болатынбыз.