Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы көлік өткізу бекеті уақытша жабылды

0
445

"Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланады.


Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы көлік өткізу бекеті уақытша жабылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында су тасқынына байланысты Ресеймен шекарадағы "Желқуар" автокөлік өткізу бекеті уақытша жабылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

"Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланады. Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады, делінген хабараламада.