Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден озды

0
1 639

​Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.


Қазақтың тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев өмірден озды

Қазақтан шыққан тұңғыш спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратайұлы сексен екі жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарплайды Қазақстан футбол федерациясы.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Алматының Орталық стадионынан тікелей эфирде алғаш рет қазақша сайратқан Сұлтанғали Қаратайұлы еді. Оның спорт репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр.

Сұлтанғали Қаратаевтың бүгінде қазақ комментаторлығына қажетті көптеген термин сөздерді де енгізгені жасырын емес. Мәселен, «Айып алаңы», «Оң қаптал», «Сол қаптал», «Қосалқы құрам» тағы басқасы да бар. Бүгінде сол сөз тіркестері жиі қолданылады.

Сұлтанғали Қаратайұлының спорт журналистикасындағы еңбегі ерен. Сонымен қатар, бірнеше тарихи-танымдық мақалалары мен аударма еңбектері де жарық көрді.

Қазақстан футбол федерациясы Сұлтанғали Қаратайұлының тума-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Сұлтанғали Қаратайұлының есімі Қазақ футболының тарихында мәңгі қалмақ.


ERNUR.KZ редакциясы марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.