Қазан айында 106,3 мың автокөлік есепке қойылды

0
700

Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%-ға, жүк автокөліктері – 46,3%-ға артты, автобустар – 9,1%-ға азайды.


Қазан айында 106,3 мың автокөлік есепке қойылды

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2022 жылғы қазанда есепке 106,3 мың автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9% артық, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 34,7%-ға, жүк автокөліктері – 46,3%-ға артты, автобустар – 9,1%-ға азайды.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 389,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы жеңіл автокөлік, 10,4%-ы жүк көліктері және 2%-ы автобустар.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикада жеке тұлғаларының меншігінде 3 634,4 мың жеңіл автокөлік бар.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (472,7 мың бірлік), Алматы қаласының (433,1 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (272,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

20 жыл бұрын шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысы (318,2 мың бірлік), Алматы қаласы (177 мың бірлік) және Қарағанды облысында (155,7 мың бірлік) басым. Одан жаңалау және шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (43,4 мың бірлік), Астана қалаларының (39,9 мың бірлік) және Қарағанды облысының (16,5 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.