«Қазатомөнеркәсіп» Ресей банктерімен жұмыс істеуді тоқтатады

0
522

Қазатопромның бос қаражаты басқа банктерге таратылды.


«Қазатомөнеркәсіп» Ресей банктерімен жұмыс істеуді тоқтатады

ERNUR.KZ. Ресейге қатысты санкциялар уран саласына әлі әсер ете қойған жоқ, бірақ "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ барлық ықтимал тәуекелдерді жіті бақылауға алды, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік банктерге, оның ішінде Сбербанкке, ВТБ-ға қарсы санкцияларға байланысты олармен өзара іс-қимыл жасау орынсыз деп мәлімдеді. Қазатопромның бос қаражаты басқа банктерге таратылды.

"Қазатомөнеркәсіптің" РФ резиденті болып табылатын уранды байыту орталығымен уранды қайта өңдеуге арналған келісім-шарты бар.

"Топ келісім бойынша қызмет көрсету жалғасады деп болжайды. ЖБО-ның валюталық шоттарын шектеу және бұғаттау жағдайында немесе ресейлік банктер SWIFT жүйесінен шыққан жағдайда, ЖБО-мен доллармен өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде қиындықтар тәуекелі туындауы мүмкін. Сондай – ақ, санкциялар тізіміне "Росатом" КТ қосу мүмкіндігімен байланысты тәуекелдер мен жоспарларға талдау жасалады", - делінген хабарламада.

"Қазатомөнеркәсіптің" экспортталатын өнімдерінің кейбір бөлігі Ресей аумағы бойынша тасымалданады және тиісінше РФ аумағы бойынша транзитпен де, теңіз кемелерімен жүктерді жеткізумен де байланысты тәуекелдер бар.

"Топ Ресейге қарсы санкциялардың жағдайын үнемі қадағалап отырады және олардың дайын өнімді тасымалдауға тигізетін әсерін бағалайды. Құжат шыққан күні соңғы тұтынушыларға өнімді жеткізуге байланысты топтың қызметіне шектеулер жоқ. Топтың бұрын өнімді экспорттау үшін пайдаланылған Ресей Федерациясының аумағы арқылы өнімді тасымалдауды болдырмайтын баламалы жеткізу бағыты бар", – деп хабарлады компания.

"Қазатомөнеркәсіп" әзірге Украинадағы соғыс оның қаржылық жағдайына әсер етпегенін атап өтті.

Бұған дейін Росатом-ға АҚШ санкциялар салуы мүмкін екендігі белгілі болды.