Қазнетке бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған

0
600

DDoS шабуылдары үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері қолданылған.


Қазнетке бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған

ERNUR.KZ. Қазнетке бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуыл жасалған, деп жазады inbusiness.kz.

"Елімізде болып жатқан кибершабуылдарға тойтарыс беру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қауіптерді азайту үшін барлық желілік трафикті талдау және әрбір пакетті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламаларды сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға төтеп беруде. Бір айдың ішінде 20 млн-ға жуық кибершабуылға тойтарыс берілді", - делінген ұйымның хабарламасында.

"Мемлекеттік техникалық қызметтің" болжамынша, еліміздің қауіпсіздік жүйесіне кибершабуылдардың үдеуі Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының басталуымен байланысты болуы мүмкін.

DDoS шабуылдары үшін бүкіл әлем бойынша таралатын ботнет деп аталатын вирус жұққан компьютерлер мен IoT құрылғыларының желілері қолданылған. Қазіргі уақытта Cybershield күшейтілген режимде жұмыс істейді.