«Қазпошта» акцияларының 10 пайызын БЖЗҚ иемденеді

0
715

«Самұрық-Қазына» жекешелендіруге дайындықты қайта бастайды.


«Қазпошта» акцияларының 10 пайызын БЖЗҚ иемденеді

ERNUR.KZ. Пандемия мен оқшаулау шаралары «Самұрық-Қазынаның» ірі активтерін жекешелендіру жоспарын шегеріп тастаған,деп жазады inbusiness.kz.

Дайындық жұмыстарын қайта жандандыру үшін де уақыт қажет. Қордың активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев осылай деп отыр.

«Қор 2020 жылдың соңына дейін ірі активтерді жекешендіруге дайындық фазасына қайтып оралуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, ІРО нарығы жұмыс істеп тұр. Бірақ көбі дамыған елдердің компанияларына тиесілі. Пандемиядан тек табысын арттырған секторлардың өкілдері жақсы жұмыс істеп жатыр. Ақша аса қажет болғандықтан ғана ІРО өткізіп жатқан компаниялар бар. Дамушы нарықтардағы ІРО жариялаған бірқатар компания мерзімін шегеруге мәжбүр болды. Шегеру мерзімі бойынша ешкім нақты болжам айта алмай отыр. Бірақ нарықтың қалпына келуі үшін 2 жылдай уақыт қажет сияқты», – деген әл-ауқат қорының өкілі жекешелендірудің алдыңғы шебінде «Қазпошта тұрғанын атады.

«Жыл соңына дейін «Қазақтелеком» акцияларының 10 пайызын «Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорына» сатқымыз келеді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» акциялардың 51 пайызына иелік етеді. Осы сатылымнан кейін «Қазпошта» квазимемлекеттік компанияға жатпайтын болады. Әрине мұндағы активтердің стратегиялық маңызы үлкен. Сондықтан мемлекет стратегиялық бақылауды өзінде қалдырады. Бірақ тек акционер ретінде ғана ықпал ететін болады. Тікелей мекенжай бойынша сату тәсілін Үкімет те мақұлдады. Қордың директорлар кеңесі де бекітті. Әлемдегі барлық пошта компаниялары сияқты «Қазпоштаның» да жыл сайын хат тасымалы төмендеп, мерзімді басылымдарды жөнелтуі кеміп келеді. Бірақ электрондық сауда жөнелділімдері қарқынды артуда. Бұл өте бәсекелі нарық деуге болады. Мемлекет оған бәсекелес ретінде қатыспауы керек. Оны дамыту инвесторға беріледі. Жекешеледіру мерзімі 2021 жыл деп белгіленді», - деді ол.