Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Компания ішкі тергеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар туралы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлер 2019-2023 жылдар аралығында жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам қаржыны құрайтын қаржылай заңбұзушылыққа жол берген.
«Тексеру материалдары процессуалды шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ залал келтірілген соманы өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», - делінген хабарламада.
Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұдан бұрын "Қазпошта" басшысы Әсел Жанасова порталымыздағы компаниядағы жемқорлық пен жетімсіреген қазақ тілі, миллиардтаған шығындар мен 35 мың жалақы туралы кең көлемді сұхбат берген.
Оның айтуынша, компания өткен жылды шығынмен қорытындылады. Мәселен, табыстың өсімі 6% болса, шығындардың өсімі жылына 11% өсіп отырған. Соңғы үш жылдағы шығынды қарасақ, әр жыл сайын 40% өсе берген. Осылайша Қазпошта 2022 жылы минус 2 млрд шығынға батқан.