"Қазпошта" кассирлері екі жыл бойы халықтың ақшасын ұрлаған

0
256

2021 мен 2023 жылдар аралығында 80 млн теңгеден астам қаржы ұрланған.


ERNUR.KZ. "Қазпоштаның" Алматы облысындағы бөлімшесінде халықтың бюджетке төлеген салығынан ақшаны ірі көлемде ұрлау фактісі анытақталды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазпошта" кассирлері төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде төленген мемлекеттік баж салығының түбіртектерін бұрмалап, басқа соманы жазып отырған. Осылайша, төленген ақшаның бір бөлігін қалтаға басып жүрген. 2021 мен 2023 жылдар аралығында 80 млн теңгеден астам қаржы ұрланған.
Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Екеуіне де материалдық жауапкершілікке қатысты басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салынды.