Бұл туралы қалалық жер ресурстарын басқару басқармасы мәлімдеді.
ERNUR.KZ.Сот Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бұрын жеке меншікке өтіп кеткен жерлерін Алматыға қайтарды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы қалалық жер ресурстарын басқару басқармасы мәлімдеді.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша жер ресурстарын басқару басқармасы" ММ-сі аумақтың бір бөлігін иеліктен шығарудың заңдылығына тексеру жүргізді. Тексерудің нәтижесінде университеттің қарамағындағы жерге қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын бұзылғаны, Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары заңсыз қабылданғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Басқарма "Алматы қаласы әкімінің аппараты" КММ, "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" КММ, "Омирекс" ЖШС, "Атлас девелопмент" ЖШС және "Аль-Фараби Қазақ" МКК-ге қатысты қаулылар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.
"ҚР Жер кодексінің 43, 48-баптарының нормаларының бұзылғаны дәлелденді, мемлекеттік айыптаушы уәждерді қолдады. 2022 жылғы 21 қазандағы ұйғарыммен Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Д.С.Нұрбеков Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару басқармасының талап арызын толығымен қанағаттандырды, яғни сот қаулылар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдады", - делінген Алматы қалалық Жер ресурстарын басқару басқармасының хабарламасында.