Қазыға шүберек тығып сатқандар жұрттың ашуын тудырды (видео)

0
2 163

​ERNUR.KZ. Таразыдан жеп, пайдаға кенеліп отырған саудагерлер енді қалтаны қалыңдатудың жаңа бір әдісін ойлап тапты. Желіде тараған видеода қазақтың ұлттық тағамдарының бірі қазыны қорлағандардың әрекетін байқауға болады. Онда қазының ішіне шүберекті салып, саудалағандар көпшіліктің жағасын ұстатты. Видео авторының айтуынша, бұл тағам Алматы қаласындағы "Алтын орда" базарынан алыныпты.


Қазыға шүберек тығып сатқандар жұрттың ашуын тудырды (видео)

ERNUR.KZ. Таразыдан жеп, пайдаға кенеліп отырған саудагерлер енді қалтаны қалыңдатудың жаңа бір әдісін ойлап тапты. Желіде тараған видеода қазақтың ұлттық тағамдарының бірі қазыны қорлағандардың әрекетін байқауға болады. Онда қазының ішіне шүберекті салып, саудалағандар көпшіліктің жағасын ұстатты. Видео авторының айтуынша, бұл тағам Алматы қаласындағы "Алтын орда" базарынан алыныпты.

«Базардан сатып алынған қазы, сыртының бәрі қазы. Ішінен шыққанын қараңдар. Тек шүберек салып қойған ғой. Сенесіз бе? Иә-иә, қазының ішінен шыққан. Масқара ғой мынау. «Алтын ордадан» сатып алынған қазы. Сұмдық қой. Осыдан кейін қазы сатып алыңыздар енді, масқара» деп таңданысын жасырмады тұрғын. Мұны көрген желідегілер саудагерлердің бұл әрекетінің жазасын бір Аллаға тапсырды.

«Адамдар Құдайдан да қорықпайтын болды ғой. Бұған не дейсіз?», «Шүберек емес, қарын ғой. Алладан қорықпағаннан қорқу керек, масқара ғой мынау» деген желідегілердің кейбірі тұрғындарға мұндай дайын тағамды базардан сатып алғаннан гөрі үйде дайындауға кеңес берді.

«Өздерің жалқаусыңдар, үйде жасау керек оны», «Дайын қазыны алмаңдар. Олардың барлығы шүберек тықпаса да, лас жерде қалай болса, солай жасайды. Сол үшін қазыны үйде жасаңдар, еш қиындығы жоқ», «Кім сендерге қазыны базардан алсын депті», «Қандай жиіркенішті, сол үшін үйде жасау керек» деді ашуға булықты желі қолданушылары.

Видео: желіден алынды