Қазына байлықтан түскен пайда үшін адамдарға жеке шот ашудың керегі жоқ – қаржы министрі

0
570

Конституцияға "жер иесі – халық" деген өзгеріс енгізілгелі жатыр.


Қазына байлықтан түскен пайда үшін адамдарға жеке шот ашудың керегі жоқ – қаржы министрі

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазына байлықтан түсетін қаражатты адамдардың жеке шотына аударудың қажеті жоқ деп есептейді. Өйткені Ұлттық қорымыз бар дегенді алға тартады. Бұл туралы сенат кулуарында журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Конституцияға "жер иесі – халық" деген өзгеріс енгізілгелі жатыр. Заңгерлер алдағы уақытта қазына байлықтан түсетін пайданы әр азаматтың жеке есепшотына аударуға болады дегенді айтады. Сіздер қандай пікір ұстанасыздар?", - деп сұрады "Халық үні" сайтының тілшісі.

"Бізде мұндай мүмкіндіктерді пайдалануға арналған Ұлттық қор бар. Мұнай, газ түсімдері соған түседі. Ары қарай республикалық бюджет арқылы халыққа жалақы немесе басқа жобалармен бөлінеді. Сондықтан арнайы шот ашудың қажеті жоқ", - деп жауап берді министр.