Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

0
348

Қауіпті індет жұқтырған 709 адамның жағдайы ауыр.


Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 28 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

8 шілдедегі мәлімет бойынша 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (34 265 КВИ+ және 1 289 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 709 адамның жағдайы ауыр,
  • 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 91 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.