Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Михаил Мясникович айтты.
ERNUR.KZ. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 7-9 маусымда Сочиде өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Михаил Мясникович айтты.
"Әрине біз ауқымды шараға, яғни 7-9 маусымда Сочиде өтетін үкіметаралық кеңеске дайындаламыз. Ауқымды, үлкен көрме жоспарланып отыр және біз барлығын осы шараға дайындалуға және қатысуға шақырамыз", - деді ол 2-3 ақпанда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша.
Бұған дейін Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин маусым айының басында Сочиде Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырыстарын, сондай-ақ Еуразиялық конгресті өткізу жоспарланғанын хабарлады.