Ескі көліктерді әркім өз қалауымен қайта жабдықтай алады
ERNUR.KZ. ЕАЭО аумағында шығарылған автокөліктер қосымша құрылғымен жабдықталады. Бұл туралы бүгін ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.
Айтуынша, қазір аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл мәселені пысықтап жатыр. Жаңадан шыққан автокөліктер дабыл түймесімен жабдықталады. Ресейде бұл жүйе Эра-Глонасс деп аталады екен.
"Болжам бойынша 2019 жылдан бастап бізде құрастырылатын көліктердің барлығы осы жүйемен жабдықталады. Оператор кім болатынын әзірге білмейміз. Ішкі істер министрлігі сигнал түскен бойда оқиға орнына дереу аттанып, жедел әрекет етеді деп күтеміз", - деді Лепеха үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол ескі көліктерді әркім өз қалауымен қайта жабдықтай алатынын атап өтті.