Қазақстан халқының санағы келесі жылы болады және оны өткізуге 9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр
ERNUR.KZ. Санақты өткізуге 9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Егер осының алдындағы санақпен салыстырсақ бұл бөлініп отырған қаржы одан төмен, яғни инфляция, қамту жоғарылығын ескергенде. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәжілісі барысында айтты, деп жазады baq.kz.
Министр жиын барысында Қазақстан халқының санағы келесі жылы болатынын және оны өткізуге 9 млрд теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты.
«Егер осының алдындағы санақпен салыстырсақ бұл бөлініп отырған қаржы төмен, яғни инфляция, қамту жоғарылығын ескерсек бұл көп емес. Негізгі сомма ақпараттық жүйеге, жабдықтар мен планшеттер сатып алуға жұмсалады. Оның бәрі санақ жүргізуді ұйымдастыруға қажет. Бұл жолы қағаз сатып алынбайды. Санақ біткен соң планшеттер мектептерге табысталады. Сондықтан санаққа барысында алынған жабдықтар одан кейін де пайдалануға беріледі. Бұл жолғы санақтың ерекшелігі – ол электронды түрде жүргізіледі. Санақ қанша адам туды, қаншасы келді деген мақсатпен жасалмайды, ол адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын, қандай мәселелері бар екенін анықтау үшін қажет», - деді Руслан Даленов.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтың халық алдында есеп беріп жатқанын хабарлаған едік.