Кемероводағы оқиғадан кейін Астана мектептерінде өрт қауіпсіздігі оқытылмақ

0
1 733

​Сәуірде Астананың білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігіне қатысты оқулар басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.


Кемероводағы оқиғадан кейін Астана мектептерінде өрт қауіпсіздігі оқытылмақ

Сәуірде Астананың білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігіне қатысты оқулар басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Сәуірден бастап барлық ұйымдарда өрт және басқа да жағдайларда эвакуация бойынша дәстүрлі оқу-жаттығулары басталады. Қауіпсіздік техника ережелері, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландырулар, эвакуация сызбасы, апаттық шығу жұмыстарына басты назар аударылады», - делінген Facebook-тегі хабарламада.

Ақпаннан бастап елордадағы білім беру нысандарында қауіпсіздік талаптарының сақталуына жоспарлы тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды. Қазіргі таңда 70 нысан тексерілген, сәуір айының соңына дейін барлық нысандар тексеріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жеке оқытулар жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының білім беру басқармасы ата-аналар мен жұртшылықтан нысандарды бақылау мен балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенділік танытуды сұрайды.

Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты. Оның 41-і бала еді. Қазірге дейін құрбандардың 25-інің тұлғасы анықталды.