Қаза тапқан кеншілер отбасыларының әлеуметтік портреттері жасалған.
ERNUR.KZ. Костенко шахтасында мерт болған кеншілерді жерлеу шығындары «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының есебінен жүргізіледі, деп жазады inform.kz.
«Қазір 27 зардап шегуші ем алып жатыр. Бір кеншінің жағдайы ауыр, 24 кеншінің жағдай орташа және 2-нің жағдайы қанағаттанарлық. Барлық пациент қажетті медициналық көмек алып жатыр, пациенттер оңалып келеді. Қаза тапқан әрбір кеншінің отбасына мемлекеттік органдардың басшылары мен депутаттар бекітілді. Олар жерлеу рәсіміндеріне қатысып, тиісті төлемдерді бақылайды және тұрмыстық проблемаларын шешеді», - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысына онлайн қатыса отырып.
Әкімнің айтуынша, қаза тапқан кеншілер отбасыларының әлеуметтік портреттері жасалды. Көп балалы отбасылары, сондай-ақ жалғыз асыраушысы және кәмелетке толмаған балалары бар отбасылары анықталды.
«АрселорМиттал Темиртау» жерлеу шығындарын ұйымдастыру және төлеу бойынша міндеттемелерді орындап жатыр. Компанияның қалған міндеттемелері кезең-кезеңімен орындалады, облыс әкімдігі жағдайды бақылауда ұстайды. Сонымен қатар зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қажетті көмек дереу көрсетіледі», - дейді