Кепілге алған ба?: Қазақстандық шенеунік "Талибанмен" бірге түскен фотосуретін түсіндірді

0
960

Айбек Смадияровпен бірге суретке түскендер тәліптер емес.


Кепілге алған ба?: Қазақстандық шенеунік

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың ауған киіміндегі қарулы адамдармен түскен суреті қызу талқылануда. Шенеунік анығын ашып берді, деп жазады Stan.kz.

Белгілі болғандай Айбек Смадияровпен бірге суретке түскендер тәліптер емес, Кабулдағы мекемелердің бірінің күзетшілері екен.

"Әрбір елшіліктің өз күзетшілері бар. Біз Ауғанстанға келіп тұрып, неліктен естелікке суретке түсіп алмасқа? Бізде Қазақстанда да үнемі жұмыс формасын киетін күзетшілер бар. Бұл естелік үшін түсірілген суреттер, сондықтан бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ", - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұдан алдын Қазақстандық делегация Кабулға барған болатын. "Талибан" Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.