Ол айыппұл төлеуге міндеттелді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында тәулік бойғы кезекшілік барысында ұйықтап қалған әскери қызметші сотталды, деп жазады inbusiness.kz.
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 652-баптың 6-бабы (Бастықтың бұйрығына бағынбаған) бойынша әскери қызметшіге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың тамызында Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімде әскери қызметші тәуліктік кезекшілікте бола тұра, өзінің демалысынан тыс уақытта және белгіленбеген жерде ұйықтап, әскери бөлім командирінің жазбаша бұйрығының талаптарын орындамаған.
Әскери қызметші өз кінәсін толық мойындап, аталған дерек бойынша түсініктеме берді.
"Сот қаулысымен әскери қызметші ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 86 мың теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.