Хабарландыру! ХҚО-да көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

0
857

Электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады.


Хабарландыру! ХҚО-да көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден

Бүгін ҚР Халыққа қызмет орталығында көлікті қайта тіркеу және тіркеуге қою қызметтері уақытша көрсетілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылғы 23 қыркүйекте ҚР ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты мамандандырылған ХҚО-да көлік құралын қайта тіркеу және тіркеуге қою қызметтері сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 аралығында жүргізілмейді.

Айта кетейік, бұл қызметтер, аталған уақыт аралығында, сондай-ақ электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады.

Ертеңнен бастап ХҚО орталықтарында аталған қызметтер бойынша қалыпты жұмыс істей бастайды.