Хакерлер елорданың балабақшаға жолдама беру жүйесіне шабуыл жасады

0
1 226

Қазіргі уақытта техникалық мамандар шабуылдың шығу себебін анықтауда.


Хакерлер елорданың балабақшаға жолдама беру жүйесіне шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Түннен бастап жүйеге ауқымды хакерлік шабуыл жасалуда. Бір уақытта 500 мыңнан астам пайдаланушы кіруге әрекет жасайды.

Қазіргі уақытта техникалық мамандар шабуылдың шығу себебін анықтауда. Жүйенің жұмысын қалпына келтірерден бұрын алдын ала хабардар ететін боламыз. Келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», делінген елорданың Білім басқармасының Facebook желісіндегі парақшасындағы жазбада.

Еске сала кетсек, 22 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы елордада балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылғанын жария еткен болатын.