Хакерлер Қазақстанның білім беру платформаларына тағы да шабуыл жасады

0
1 133

Kundelik.kz интернет-ресурсына шабуыл жасалғаннан кейін 8 минут өткен соң, bilimland.kz білім беру порталына DDoS-шабуылдар тіркелді.


Хакерлер Қазақстанның білім беру платформаларына тағы да шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Қазақстанның білім беру платформалары зиянкестер тарапынан DDoS-шабуылына ұшырағанын ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі (ҰҚК МТҚ) мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.


"KZ-CERT мемлекеттік техникалық қызметінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету комитеті Қазақстан мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің болуына мониторингі барысында kundelik.kz және bilimland.kz білім беру платформаларына бағытталған нысаналы DDoS-шабуылдарды тіркеді", - делінген хабарламада.


Белгілі болғандай, шабуыл нәтижесі білім беру интернет-ресурстарының жұмыс істеуіне кедергі бола алған жоқ.

Талдау барысында DDoS-шабуылдар көптеген IP-мекенжайлардан, оның ішінде интернеттің шетелдік сегментінен жүзеге асырылғаны анықталды.


"Бүгінгі күні DDoS-шабуылдар мемлекеттік техникалық қызмет жағында орналасқан қорғаныстың аппараттық-бағдарламалық кешенін қолданумен бұғатталды. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шабуыл дереккөздерін көрсете отырып, шетелдік CERT атына хабарламалар жіберілді", - деп түсіндірді Қазақстанның KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі.


Kundelik.kz интернет-ресурсына шабуыл жасалғаннан кейін 8 минут өткен соң, bilimland.kz білім беру порталына DDoS-шабуылдар тіркелді.

KZ-CERT сарапшылары жасалған екі шабуыл өзара байланысты және қашықтықтан оқыту кезеңінде жоғарыда көрсетілген білім беру порталдарының жұмысына кедергі келтіруге бағытталған деп болжайды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Bilim Media Group өздерінің интернет-ресурстарына бағытталған DDoS-шабуылдардың өскенін хабарлады.