​Халық латын әліпбиіне өз еркімен көшіп жатыр

0
1 251

Бағдарлама бойынша латын әліпбиіне 2025 жылы көшіуіміз керек.


​Халық латын әліпбиіне өз еркімен көшіп жатыр

ERNUR.KZ. Астанада өтіп жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Арыстанбек Мұхамедиұлы латын графикасына халықтың еш үгіт-насхатсыз өз еркімен көшіп жатқаныны айтты, деп жазады BAQ.KZ

«Латын әліппесінің біздің министрлік үсынған нұсқасы Елбасының да, халықтың да тарапынан қолдау тауып отыр. Біз бұл нұсқаны ғалымдармен ақылдаса отырып жасадық. Бағдарлама бойынша 2025 жылы көшіуіміз керек. Қазірдің өзінде байқасаңыздар мекемелердің маңдайшасындағы жазулардың көбісі латын әліпбиімен жазылуда. Әрине, бір-екі әріпке сын айтушылар бар. Бірақ әлемнің бір де бір елінде халықтың көңілінен толық шығатын графика жоқ. Тіпті, ағылшып, неміс, франсуздар да үш әріпті қосып бір әріп қылып оқиды. Оларға қарағанда біздің әліпби өте ыңғайлы», - деді министр.